<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>D</key>
<hymn_number>283</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.  D
 Неліктен шөп өседі? Жапырақтар түседі?
.  A                D
 Неліктен? Еш түсінбеймін мен.
.  D
 Пілге ұзын тұмсықты, шиқылдаған шымшықты,
.  A             D
 Кім жаратты? Түсіндірші сен.

[C1]
.     G           A        D   Bm
   Бұлай болған неге бәрі деймін?
.     A
   Неліктен? Мен түк түсінбеймін.
.     D
   Неліктен жуас қойлар?
.     D
   Неліктен асау тайлар?
.     A                 D
   Неге? Не үшін? Мен білмеймін.

[V2]
 Кім жаратқан аңдарды?
 Кім орнатқан тауларды?
 Бұлтты неге аспанға қойған?
 Бұлақ неге ағады?
 Қайда ағып барады?
 Неліктен? Не үшін? Сен ойлан.

[V3]
 Бәрін Құдай жаратты,
 Құсқа берген қанатты,
 Оның жаратылысымыз біз.
 Әке-шешем, мені де, аң, құстарды, сені де
 Жаратқан біздің Құдайымыз.

[C2]
   Тек Құдай ғана бәрін біледі,
   Бар әлемнің жалғыз тірегі.
   Бәрімізді сүйеді, жалғыз Өзі киелі,
   Мадақтаңдар Құдай Иені.</lyrics>
<title>Неліктен шөп өседі? РӘЖ283</title>
</song>